Пневмония кезіндегі емдік дене шыны?тыру

Пневмония – өкпе инфекциясы арқылы тасымалданатын аурудың қатарына жатады.  Өкпе қабынуы тыныс алу кезінде ауадағы микробтардың ішке өтуімен бірте – бірте тасымалданады.  Тұмау немесе суық тиген уақытта пневмония қаупі жоғары, себебі өкпеге зақым тиеді. Емдеу жолдарын 2 – 3 аптадай үйде жүргізеді.

Бір жылда бұл диагнозбен 17 000 000 аса адам аурады. Әйелдер мен еркектерді салыстырғанда, еркектер 30% дейін жиірек аурады. Мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушылары, сонымен қатар ардагерлер жиі шалдығуы мүмкін.

Себебі және дамудың өзгешеліктері

Бірінші кезекте пневмония бактериялық аурудың қатарына жатады. Жиі кездесетін қоздырғыш – стафилококк және пневмококк.  Пневмонияны қоздыратын вирустар 10% жағдайда ғана кездеседі. 

Жұқтыру қалай жүреді

  1. Бронхогенді – аспирация, процедураларды емдеу орталықтарында жүргізу, мысалы, интубация, ингаляция. Жұтқыншақтан, мұрын қуысына патогенді микроорганизмдер өтуі мүмкін.
  2. Гематогенді – инфекция тыныс алу органдарына қан арқылы өтеді. Инфицирленген қан арнасы кезінде сепсис және нашақорлық байқалады.
  3. Лимфогенді – ауру қоздырғышы лимфо түйіндерін зақымдап, лимфотокпен бірге ішкі органдарға тарайды, оның ішінде тыныс алу жүйесіне. Көбінесе жіті бронхит нысаны басталады. Рефлекторлық жөтел кезінде инфекциялық процесс зақымдап, өкпе қабынуының асқынуына әкеледі.

 Жіктелуі

Пневмония код МКБ-10: J12-18, Р23. Мамандар өкпе қабынуын төрт группаға бөледі:

  • Аурухана тыс – үй жағдайында басталатын «атипичті» болуы мүмкін, яғни атипичті патогенді бактериялар (хламидии, микоплазмы), бұл распираторлық тракті зақымдайды. Олар ұзаққа созылып, асқынудың дамуына әкеледі.
  • Ауруханада – емдеуге жатқызылғанда 2-3 күн бойы негізігі  ауру болып дамиды.  Ағзаның қорғаныс функцияларының әлсіреуі, жұқтырылған жабдықтар мен медициналық құралдар себебі болып табылады.
  • Иммунодефицитті – АИТВ инфекциясы және туа біткен иммунитет тапшылығы бар науқастарға тән. Дәрілік иммуносупрессия аясында пайда болады.
  • Аспирациондық – грамотрицітті бактериялар (синегнойді және ішек таяқшасы) өкпе тініне енгенде дамиды. Зәр жүйесі және асқазан ішек жолы бас көзі болып табылады. Көбінесе ауру симптомсыз өтеді.  

Алғашқы белгілері

Пневмонияның дамуын өздігімен анықтау мүмкін емес. Аурудың алғашқы белгілері барлық жағдайда болмайды. Белгілері өте нашар көрініуі мүмкін, сондықтан көпшілік оған назар аудармайды. Барлығы қабыну процесін тудырған инфекциялық агентке және науқас ағзасының жалпы жағдайына байланысты. Пневмонияның көріністері жөтелдің пайда болуы және кеудедегі ауырсыну болып табылады.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу қажет:

  • Тыныштық жағдайда құрғақ жөтел мен ентігу пайда болғанда.
  • Әлсіздік және аяқтың мақталығында.
  • Дене қызуының 37,1 ден 40,0 градуске көтерілгенде.
  • Суық тердің ыстыққа алмасқанда.

Жоғары терлеу мен тез шаршау негізгі симптом болып табылады. Науқас дем алу кезінде жіне жөтелгенде кеуде аймағында ауырсынуды сезінеді.

Симптомдары

Өкпе қабынуының ерекшелігі, прогрессивті дәрежесі мен қабыну сипатында. Екінші дәрежелі пневмонияның симптомдары:

  • Бұлшық ет, буын, бас ауруы.
  • Тәбеттің болмауы және дене салмағының біртіндеп төмендеуі.
  • Еріндер мен тырнақ пластиналарының немесе саусақ ұштарының цианоттылығы.
  • Құрғақ жөтелдің асқынуының барысында дененің көлденең орналасуына кедергі келтіруі

Аурудың симптоматикасы екі жақты ағымның кезінде қозады. Созылмалы тыныс алу байқалады. Қақырық сирек бөлініп, қанға айналуы мүмкін. Пневмонияның асқынуы денсаулыққа зиян келтіретін зардаптардың дамуына әкеледі. Өкпенің қабынуы жиі өлімге әкеледі, сондықтан емдеуде кешігуге болмайды.

Асқынулар

Пневмонияның негізгі асқынулары:

  • Өкпе – жедел тыныс алу жетіспеушілігі, бронх демікпесі немесе абсцесса түрінде көрінеді.
  • Өкпеден тыс – қаназдықпен, мидың қабығын жұқтырумен, жүрек жеткіліксіздігімен бірге жүреді.

Сауатты және заманауи медикаментті терапия ғана пневмонияның асқыну белгілерін ескерте алады. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

 Диагностика

Пневмонияның алғашқы симптоматикасы байқалған кезде ауруханаға жедел қаралу қажет. Қабылдау кезінде дәрігер келесі зерттеулер жүргізеді:

  1. Кеуде қуысын физикальды тексеру – перкуссия қабыну процессінің орналасуын анықтауға мүмкіндік береді, аускультация сырылдарды және тыныс алудың қиындығын анықтайды.
  2. Зертханалық зерттеулер:
  • Қанның клиникалық талдауы – ағзадағы қабыну процессін тудыратын лейкоциттердің санын анықтайды.
  • Зәрдің жалпы талдауы – бүйректе қабынуды болдырмауға мүмкіндік береді.
  • Қақырықты талдау – аурудың қоздырғыштарын белгілеп, барынша тиімді ем қабылдауға мүмкіндік береді.
  1. Пневмония кезіндегі аспаптық диагностика:
  • Бронхоскопия – мүрын арқылы бронх аумағына емделушіге иілгіш түтік енгізіледі, оның соңында камера және лампочка орналасқан.  Процедура аурудың түрін анықтауға мүмкіндік береді.
  • Рентген – сурет қабыну ошағын анықтау мақсатында жасалады. Процедура асқынулардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.

Пневмонияның бронхит, туберкулез, плеврит ауруларымен ұқсастығы бар. Балалар жасындағы емделушілерде рентгенологиялық суреттердегі өзгерістерді, аурудың алғашқы симптоматикасы пайда болғаннан бұрын көруге болады.

Емдеу

Пневмонияға күдікті жағдайда пациент пулмонология немесе жалпы терапия бөліміне жатқызылады. Қызба уақытында төсек режимі, мол сусын, витаминделген және калориялық тамақтану ұсынылады. Егер тыныс алу жетіспеушілігі байқалса, онда ағзаның негізгі функцияларын қолдау үшін оттегінің ингаляциясы жасалады.

Стационарлық емдеу пневмонияның орташа және ауыр ағымы бар емделушілерге қажет. Пневмонияның асқынбаған түрін үйге келетін дәрігер – терапевттің бақылауымен амбулаториялық жағдайда емдеуге болады. Емдеуге жатқызу үшін кішкентай балаларға (5 жасқа дейін) және ардагерлерге (60 жастан кейін).

Қажетті дәрілер тізімі

Өкпе қабынуы кезіндегі дәрілер:

  • Негізіг антибиотиктер (пенициллиндер, макролидтер, цефалоспориндер, фторхинолондар). Қолайлы дәрі – дәрмектерді дәрігер қоздырғыштың түріне және қабыну процесіне сүйене отырып анықтайды.  Терапия курсы 7 ден 10 тәулікке дейін созылады..
  • Жөтел кезінде дәрігер шырышты (Лазолван, АЦЦ и Бромгексин) қақырық түсіретін дәрілер мен муколитектерді жазады.
  • Демікпе бронхтық саңылаулауды (Беротек ) кеңейтуге бағытталған дәрілердің көмегімен жойылады. Сальбутомол және Беродуал ингаляция түрінде жасайды.

Глюкоза немесе натрий хлориді ерітінділерін көк тамырға енгізу керек болған жағдайда,  ағзаның улануы кезінде пайда болады. 38,5 Co жоғары температурада (Парацетамол, Ибупрофен) беріледі.

Негізгі емдеуден кейін 3 ай бойы  витаминотерапия жүргізіледі. Е, В және А тобының  витаминдері бар витаминді –  минералды кешендер.

Емдік тамақтану

Өкпе қабынуы асқынған кезде науқас арнайы диета ұстануы қажет: стол №13 и 15. Ас мәзіріне кіретін өнімдер ағзаның қорғаныс функцияларын нығайтуға, қабыну процесін шешуге және улануды алдын алуға бағытталған.

Диеталық тамақтану ағзаны қажетті қоректік заттармен  қанықтандырады және энергетикалық шығындарды болдырмайды. Мақсаты аурудың клиникалық көрінісін азайту және сауығу процесін жеделдету болып табылады.

Міндетті шарттар:

  • Магнийге, калийге, кальцийге, аскорбин қышқылына, ретинолға және В тобының витаминдеріне бай витаминделген тамақ өнімдерінің жоғары мөлшері.
  • Күнделікті мәзірге бидай кебектері, итмұрын сорпасы, печенье, жеміс- жидектер, көкөністер және жаңа піскен көк кіреді.
  • Күніне 1,5 литр суға дейін ішу керек. Сұйықтықты көп ішу, қақырықтың бөлінуін төмендетуге ықпал етеді.

Қойылтылған сорпаларды, балық пен еттің майлы сорттарын рационнан алып тастау керек. Шектеулі мөлшерде құрамында клетчаткасы бар (жүгері, ұрме бұршақ және соя бұршақтары). Ас мәзіріне райхан, балдыркөк, ақжелкен, сарымсақ және шалғам қосуға болмайды.

Мәзірдің қалпына келуіне қарай физиологиялық толыққанды рационды ескере отырып, рұқсат етілген өнімдердің тізіміне сәкес жасалады. Пневмониядан кейін жоғары калориясы бар азық – түліктерді қолдану арқылы күшейтілген тамақтану қажет.

Ламифарэнмен емделу

Табиғи азық – түлік өнімі Ламифарэн қоңыр балдырлар (Ламинарии Ангустаты) негізінде жасалған. Пневмония кезінде кешенді терапия да қолданылады. Ағзаны микро- және  макроэлементтермен қанықтыра отырып, ішкі органдар мен тіндердің деңгейінде алмасу процестерін қалыпқа келтіреді.

Құрамына келесі полисахаридттер кіреді:

  • Фукоидан— қауіпті болып табылатын бактерияларды, саңылауқұлақтарды және вирустарды жоятын қажетті иммундық жасушалардың өндірілуін ынталандырады.
  • Альгинат—  энтеросорбентті қасиеттерге ие, ағзаны белсенді тазартып, улануды жеңуге көмектеседі.

Өкпенің  қабынуы кезінде Ламифарэн дәрі – дәрмектерді қабылдау ұзақтығын азайту үшін қолданылады. Табиғи өнім тек табиғи компонеттерден тұрады, сондықтан жүкті әйелдер мен кішкентай балалар үшін қауіпсіз.

Пневмонияда Ламифарэн жылдам және тұрақты нәтиже береді:

  • Өкпенің дренаждық функцияларын жақсартады.
  • Салмағы қалыпты тәбетті қалпына келтіреді.
  • Қабынуды жояды және ауырсынуды азайтады.
  • Ентігу, құрғақ сырылдар мен ысқырықтарды жояды.
  • Бронх жүйесін жақсартып, қақырық пен шырышты жояды.

Құрамына кіретін В тобы витмандерінің арқасында тыныс алу органдарының функциялары реттеледі. Ламифарэн иммуномодулятор болып табылады, сондықтан пневмония кезінде сауығу процесін тездетеді.

Оңалту болжамы және кезеңі

Бір жасқа дейінгі балалар ұшін пневмония қауіпті. Бұл жағдайда өлім 10-30% құрайды. Болжам науқастың жасы, фондық аурулар және иммундық реактивтілік сияқты факторларды анықтайды. Емнің дұрыстығы өте маңызды. Егер науқас дәрі – дәрмекті уақытында қабылдай бастаса, өкпенің қабынуы сауығумен аяқталады.

Профилактикалық ұсыныстар

Пневмонияның алдын алуы үшін, жұқтырудан қауіпсіз іс- шаралар кешенін сақтау керек. Бірінші кезекте ағзаның қорғаныс күштерін нығайту керек: спортпен шұғылдану және дұрыс тамақтануды ұстану,  күнделікті таза ауамен дем алу, шынығу, тәулігіне 7-8 сағаттан кем емес ұйықтау, жүйке күйзелістерінен сақтану.

Пневмонияның алдын алу әдістеріне жатады:

  • Вакцинация ағзаның қоздырғыштармен зақымдануын ескертеді.
  • Инфекция ошақтарын алдын алу, өкпеде қабыну процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
  • Ылғалды тазалау күнделікті жүргізілуі тиіс. Үйді тәулігіне кемінде 3-4 рет желдету керек.

Спирттік ішімдіктер мен темекі шегуден бас тарту қажет. Антиагреганттарды  (Гепарин, Пентоксифиллин) пайдалану түбегейлі шара болып табылады. Пневмония кезінде дәрі – дәрмектік ем болмаған жағдайда, өлім қаупі жоғары болып табылады. Ауруды дер кезінде анықтаудан гөрі, өкпе қабынуын алдын алу үшін шаралар қолдану оңайырақ.

 

Источник

1 Қоздырғыштың эрадикациясы.

2 Ауру симптомдарын басу.

3 Лабораторлық көрсеткіштер жəне функционалдық бұзылуларды қалыпқа келтіру.

4 Өкпелік тіндегі инфильтративті өзгерістерді аяқтау.

5 Ауру асқынуының профилактикасы.
 

Дəрі дəрмексіз ем:

1. Ауруханадан тыс пневмония кезінде ДМВ, УВЧ, магнитотерапия, электро- жəне фонофорез секілді физиотерапиялық əдістерді тағайындауды растайтын дəлелдік деректер жоқ.

2. ≥ 30 мл/тəулігіне көлемдегі қақырықтың экспекторациясы кезінде тыныс алулық жаттығулар.
 

Дəрі дəрмектік ем
 

1. Амбулаторлық жағдайдағы АП антибактериалды терапиясы.

1.1.  Мына жастағы емделушілер <60 жасл, қосымша аурулар жоқ. Таңдау дəрілік заты:

— Азитромицин ішке қабылдауға 0,5 г 1 рет тəулігіне – 1-ші күні, əрі қарай 0,25 г 1 рет тəулігіне 4 күн бойы немесе

— Амоксициллин ішке қабылдауға 0,5-1,0 г 3 рет тəулігіне 7-10 күн бойы немесе

— Кларитромицин ішке қабылдауға 0,5 г 2 рет тəулігіне 7-10 күн бойы немесе

— Рокситромицин ішке қабылдауға 0,15 г 2 рет тəулігіне 7-10 күн бойы.
 

Альтернативті дəрілік заттар:

— Доксициклин ішке қабылдауға 0,1 г 2 рет тəулігіне 7-10 күн бойы немесе

— Левофлоксацин ішке қабылдауға 0,5 г 1 рет тəулігіне 7-10 күн бойы.
 

1.2. Мына жастағы емделушілер ≥60 жас жəне/немесе қосымша аурулары бар. Таңдау дəрілік заты:

— Амоксициллин/клавуланат ішке қабылдауға тамақтан алдын немесе тамақпен 0,625 г. 3 рет тəулігіне немесе 1г. 2 рет тəулігіне 7-10 күн бойы немесе

— Цефуроксим тамақтан соң ішке қабылдауға 0,5г. 2 рет тəулігіне 7-10 күн бойы.

— Левофлоксацин ішке қабылдауға 0,5 г 1 рет тəулігіне 7-10 күн бойы немесе

— Цефтриаксон бұлшықет ішіне 1-2 г 1 рет тəулігіне 7-10 күн бойы.
 

2. АП стационарлық жағдайдағы антибактериалды терапиясы.
 

2.1. Жеңіл жəне орташа ауырлық дəрежесіндегі пневмонияның емі: Таңдау дəрілік заты:

— Амоксициллин/клавуланат вена ішіне 1,2г 3 рет тəулігіне 3-4 күн бойы немесе

— Цефотаксим вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 1-2 г 2-3 рет тəулігіне 3-4 күн бойы немесе

— Цефтриаксон вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 1-2 г 1 рет тəулігіне 3-4 күн бойы немесе

— Цефуроксим вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 0,75 г 3 рет тəулігіне 3-4 күн бойы немесе

— Цефуроксим аксетил — қапталған таблеткалар 250 мг.

Альтернативті дəрілік заттар: левофлоксацин вена ішіне 0,5 г 1 рет тəулігіне 3-4 күн бойы.
 

Емнен 3-4 күннен кейін клиникалық тиімділікке қол жеткізген кезде (дене температурасының қалыпқа келуі, уыттанудың жəне аурудың басқа симптомдарының айқындылығы азайған кезде), антибиотик қабылдауды парентералдықтан пероралдық əдіске көшіруге болады. Емнің жалпы ұзақтығы 7-10 күнді құрайды. Басынан бастап пероралдық микробқа қарсы дəрілік заттарды қабылдауға болады.
 

2.2.  Ауыр АП емі. Таңдау дəрілік заты:

— Азитромицин 0,5 г 1 рет тəулігіне 7-10 күн бойы немесе

— Кларитромицин вена ішіне 0,5 г 2 рет тəулігіне 10 күн бойы немесе

— Спирамицин 1,5 млн МЕ 3 рет тəулігіне + амоксициллин/клавуланат вена ішіне 1,2 г 3 рет тəулігіне 10 күн бойы немесе

— Цефтриаксон вена ішіне 1-2 г 1 рет тəулігіне 10 күн бойы немесе

— Цефепим вена ішіне 1-2 г 2 рет тəулігіне 10 күн бойы немесе

— Цефотаксим вена ішіне 1-2 г 2-3 рет тəулігіне 10 күн бойы.
 

Альтернативті дəрілік заттар:

— Левофлоксацин вена ішіне 0,5 г 1-2 рет тəулігіне 10 күн бойы немесе

— Офлоксацин вена ішіне 0,4 г 2 рет тəулігіне 10 күн бойы + Цефотаксим вена ішіне 1-2 г 2-3 рет тəулігіне 10 күн бойы немесе

— Цефтриаксон вена ішіне 1-2 г тəулігіне 1 рет 10 күн бойы.

2.3.  P. Aeruginosa туындатқан пневмонияның емі:

— Имипенем вена ішіне по 0,5 г 3-4 рет тəулігіне немесе

— Меропенем вена ішіне по 0,5 г 3-4 рет тəулігіне немесе

— Цефепим вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 1-2 г 2 рет тəулігіне немесе

— Цефоперазон/сульбактам вена ішіне 2-4 г 2 рет тəулігіне немесе

— Цефтазидим вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 1-2 г 2-3 рет тəулігіне ±

— Амикацин бұлшықет ішіне немесе вена ішіне 15-20 мг/кг 1 рет тəулігіне 10 күн бойы немесе

Жоғарыда көрсетілген препараттардың кез келгенін қабылдау кезінде ем ұзақтығы жеке түрде анықталады.

Аурудың микоплазмалық немесе хламидиялық этиологиясы туралы клиникалық жəне/немесе эпидемиологиялық деректер болған кезде терапия ұзақтығы 14 тəулікті құрау қажет. S. aureus жəне Enterobacteriaceae туындатқан АП кезінде, антибактериалды терапия ұзақтығы 14-21 тəулікті құрайды. Легионеллезді пневмония кезінде ем ұзақтығы 21 тəулікті құрайды.

3. АП симптоматикалық терапиясы. Қақырық түсіретін заттар:

— Амброксол ішке 30 мг х 3 рет тəулігіне 2 күн бойы, əрі қарай 30 мг 2 рет тəулігіне 7-10 күн бойы немесе

— Ацетилцистеин ішке қабылдауға 200мг 3-4 рет тəулігіне 7-10 күн бойы немесе

— Бромгексин ішке қабылдауға 8-16 мг тəулігіне 3 рет 7-10 тəулік; бұлшықет ішіне немесе вена ішіне 16 мг 2-3 рет тəулігіне 7-10 күн бойы немесе

— Карбоцистеин ішке қабылдауға 750 мг тəулігіне 3 рет 7-10 күн бойы.
 

Ұзақ уақытты массивті антибиотикотерапия кезінде, микоз туындауын емдеу жəне алдын алу үшін – итраконазол 200 мг күніне 2 рета 7 күн бойы.
 

4. Қосымша емдік шаралар (АП асқынуларын емдеу)
 

Бронхообструктивті синдром:

— бронходилатациялық терапия — ипратропий бромиді 1,0 + Sol. NaCl 0,9% 4,0 небулайзер арқылы тəулігіне 3-4 рет немесе

— ипратропий бромиді (MDI) 1 -2 доза х 3-4 рет тəулігіне немесе

— салметерол (MDI) 1 доза х 2 рет тəулігіне.

Плевральді шығу: торакоцентез (латерограммада 1 см қалыңдықтағы бос жылжитын сұйықтық болған кезде), сұйықтықтың барлық немесе көп бөлігінің эвакуациясымен.
 

Өкпе абсцессі. Таңдау дəрілік заты:

— амоксициллин/клавуланат;

— ампициллин/сульбактам;

— цефоперазон/сульбактам.
 

Альтернативті дəрілік заттар:

— линкосамиды+аминогликозиды немесе

— цефалоспорины III-IV поколений;

— фторхинолоны+метронидазол;

— карбапенемы.
 

Плевра эмпиемасы. 
Таңдау дəрілік заты: II-IV буындағы цефалоспориндер

Альтернативті дəрілік заттар:

— линкосамидтер;

— ванкомицин;

— ко-тримоксазол;

— фторхинолондар;

— ампициллин/сульбактам;
— торакотомиялық дренаждау;

— торакоскопия + декортикация.
 

Жіті тыныс алу жеткіліксіздігі:

— Мұрындық канюль немесе бетперде көмегімен оксигенотерапия;

— Өкпенің инвазивті емес вентиляциясы (ЧД > 25 мин кезінде, тыныс алу мускулатурасының дисфункциясы кезінде, PaO2/FiO2 < 250 мм с.б., PaCO2 > 50 мм с.б., немесе рН < 7,33;

— Тыныс тоқтау, естің бұзылуы, психомоторлы қозу, гемодинамика тұрақсыздығы кезіне өкпені жасанды вентиляциялау (систолалық АҚ< 70 мм с.б., жүректің  жиырылу жиілігі < 50 /мин.), тыныс алу жиілігі > 35 мин, PaO2/FiO2 < 150 мм с.б., бастапқы деңгейден PaCO2 > 20% артуы, ментальді статустың өзгеруі.

Жіті респираторлы дистресс-синдром:

— Тіндерге ауаны барабар жеткізу;

— Өкпенің жасанды вентиляциясы.
 

Сепсис, сепсистік шок:

1. Антибактериалды терапия: 
— Амоксициллин/клавуланат аена ішіне + макролид вена ішіне; 
— Цефотаксим + макролид вена ішіне; 
— Цефтриаксон + макролид вена ішіне; 
— Цефепим вена ішіне + макролид вена ішіне; 
— Левофлоксацин (таваник) 500 мг тəулігіне 2 рет вена ішіне.
 

2. Инфузиялық ортаны ЦВД 8-14 мм с.б., өкпелік артерияның капиялларлары қысымының 14-18 мм с.б. деңгейіне жеткенше енгізу.
 

3. Қантамырлық жəне инотроптық дəрілік заттар.
 

4. Респираторлық қолдау – полиоргандық жеткіліксіздікпен үдейтін естің бұзылуымен жүретін сепсистік шоктың жіті респираторлық дистресс- синдромымен қосарланғанда өкпенің жасанды вентиляциясы.
 

5. Иммуноглобулиндер (IgG жəне IgG+IgM) вена ішіне [A].
 

Əрі қарай жүргізу:

1. Ауру басталғаннан кейін 2-3 аптадан соң рентгенологиялық бақылау.

2. Аяқталмаған пневмония жағдайында жəне аурудың созылмалы ағымының қауіп қатер факторлары болса 4 аптадан кейін рентгенологиялық бақылау.

3. Аяқталмаған пневмония жағдайында жəне аурудың созылмалы ағымының қауіп қатер факторлары болмаған кезде кеуде сегментінің КТ, ФБС.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. Амоксициллин 500 мг, 1000 мг, табл.; 250 мг; 500 мг, капс.; 250 мг/5 мл пероралды суспензия.*

2. Амоксициллин+клавулан қышқылы табл. 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг.*

3. Азитромицин 250 мг, 500 мг, капс.*

4. Кларитромицин 250 мг, 500 мг табл.*

5. Рокситромицин 50 мг табл.*

6. Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл; инъекциялық ерітінді дайындау үшін флакондағы ұнтақ 750 мг.*

7. Цефуроксим аксетил ішке қабылдауға суспензия дайындау үшін түйіршіктер 125 мг/5 мл, қапталған таблеткалар, 125 мг, 250 мг.*

8. Цефепим 1 000 мг, инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ.

9. Цефотаксим 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, инъекциялық ерітінді даярлау үшін ұнтақ.*

10. Цефтриаксон 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, инъекциялық ерітінді даярлау үшін ұнтақ.*

11. Спирамицин суспензия үшін түйіршіктер 1,5 млн БІРЛІК, 375 мың БІРЛІК, 750 мың БІРЛІК инфузия үшін ұнтақ 1,5 млн БІРЛІК.*

12. Цефоперазон/сульбактам.

13. Цефтазидим флаконда, инъекциялық ерітінді даярлау үшін ұнтақ 500 мг, 1 гр, 2г.*

14. Амикацин 10 мг.*

15. Амброксол 30 мг табл.; 15 мг/2 мл амп.; 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл сироп.*

16. N- Ацетилцистеин 2% 2мл, амп.*

17. Бромгексин.

18. Карбоцистеин 250 мг, 500 мг, табл.
 

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1. Левофлоксацин 250 мг, 500 мг табл.*

2. Винкомицин.*

3. Ципрофлоксацин 250 мг, 500 мг табл.*

4. Имипенем 500 мг, амп., инъекция үшін ұнтақ.*

5. Меропенем 500 мг, амп., инъекция үшін ұнтақ.

6. Метронидазол.*

7. Ко-тримоксазол.*

8. Ипратропия бромид 100 мл аэрозоль.*

9. Салметерол.

10. Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мгмл.*

11. Итраконазол 100 мг, капс.*
 

Ем тиімділігінің индикаторлары:

Антибактериалды терапия тиімділігін ем бастағаннан 48-72 сағат кейін бастапқы бағалау:

— температураның төмендеуі;

— интоксикация синдромының азаюы;

— тыныс алу жеткіліксіздігінің жоғалуы.
 

Əрі қарай:

— температура < 37,5 С;

— интоксикацияның болмауы;

— тыныс алу жеткіліксіздігінің жоғалуы (ЧД < 20 в минуту);

— іріңді қақырықтың болмауы;

— қан лейкоциттерінің саны < 10 х 109/л, нейтрофилдер < 80%, жас формалар < 6%;

— оң рентгенологиялық динамика.
 

1. АП клиникалық көріністерімен барлық науқстарға кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.

2. Қақырықты бактериологиялық зерттеу.

3. Антибиотиктерді тағайындауға дейін, қанды бактериологиялық зерттеу (АП ауыр ағымы кезінде).

4. АП ауруханаға жатқызылған барлық науқастарға, түскен уақыттан бастап 4 сағат ішінде антибактериалды терапии бастау.

5. Антибактериалды терапии старттық режимінің қабылданған терапия стандарттарына сəйкестігі.

6. Микробқа қарсы препараттарды парентералды енгізуге зəру ауруханаға жатқызылған науқастарғда сатылық терапия қолдану.

7. Тұмауға қарсы жыл сайынға егу жұмыстарын нұсқау.

Источник